Қостанай облысында 6 «Келешек мектебі» салынды

  • 61
  • 27.08.2025, 18:39

Қостанай облысында Ұлттық жоба аясында 6 «Келешек мектебі» салынды. Соның төртеуі жаңа оқу жылында есігін айқара ашпақ. Құсмұрын ауылындағы және Рудный қаласындағы білім ошақтары осы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Барлығы 4 мың 500 бала жаңа форматтағы мектептерде оқиды. Сондай білім ошақтарының бірі Қостанай ауданының Заречный ауылында бой көтерді. Бес блоктан тұратын үшқабатты ғимарат соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақталған. Биыл мұнда 38 сыныпта бір ауысымда 750 бала оқиды. Білім ошағына білікті, тәжірибелі мамандар тартылуда.

Саят Есембек, мектеп директорының орынбасары:

-«Келешек мектебінің» басты ерекшелігі инклюзивті ортада ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау. Біздің мектепте жалпы 49 кабинет бар оқу, оның ішінде 12 арнайы мамандандырылған кабинеттеріміз бар. Робототехника, стэм кабинеті, биотехнология, биоинженерия, 4 кабинет технология кабинеті, ұлдарға арналған, қыздарға арналған.