Жасанды интеллект барлық ЖОО-да міндетті пәнге айналды

  • 20
  • 28.08.2025, 18:36

Енді жасанды интеллект курстары барлық университетте міндетті пәнге айналды. 93 жоғары оқу орны оны өз бағдарламасына бейімдеген. Ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашты.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты. Бұл білім беру жүйесін нығайтып қана қоймай, Қазақстанның АҚШ, Қытай, Финляндия сияқты жасанды интеллектіні кеңінен енгізген мемлекеттер қатарына қосылуына жол ашады. Сонымен қатар жаңа оқу жылына білім беру бағдарламаларына «Айсана» жобасы кіріктіріледі. Ол арқылы әрбір студент жасанды интеллект технологияларын қолданып үйренеді. Бүгінде 390 мың студент арнайы курстан өтіп, 3 мыңы сертификат алған.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын жаппай даярлау басталды. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесін нығайтып, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және шетелдік студенттер санын арттыруға да мүмкіндік береді.