Биыл 360 мың бала бірінші сыныпқа барды

  • 19
  • 01.09.2025, 19:44

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары оқушылар үшін өз есігін айқара ашты. 2025–2026-шы оқу жылында еліміз бойынша 267 мың орынға арналған 232 жаңа мектеп салу жоспарланған болатын. Бүгінге дейін бір ғана «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 130 жаңа мектеп пайдалануға беріліпті. Осы арқылы төрт өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілген. 

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Жаңа оқу жылында еліміздегі мектептерде 4,1 млн бала білім алады. Олардың 360 мыңнан астамы бірінші сынып оқушылары. Қазақстанда олар үшін бүгін 8 мыңнан астам мектепте алғашқы қоңырау соғылды.

Бұл Астанадағы №115 мектепте өткен алғашқы салтанатты іс-шара. Жаңа ғимарат 4 мың оқушы арналған. Заманауи білім ордаларының саны жыл санап артып жатыр.

Есет Байкен, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- «Келешек мектептері» жобасы аясында елордамызда 7 мектеп ашылып отыр. Елордамыздағы 210 мектепке 310 мың оқушы барды. Оның 31 мыңы 1-ші сыныпқа барған бүлдіршіндер.

Аида Аяғанова, бастауыш сынып мұғалімі: 

- 27 жыл тәжірибем бар. Осы тәжірибемде оныншы сыныбымды қабылдап жатырмын бірінші сыныпқа. Мектепте барлық оқулықтар жеткілікті. Барлық құрал-жабықпен жабықталған өте жақсы кабинетке ие болдық.

Мектеп бойынша 121 кабинет бар. Акт залы мен асхана, шығармашылықты дамыту орындары да қарастырылған.

Бибі Зейінқызы, №115 орта мектебі директорының міндетін атқарушы:

- Өте қуанышымыз. Ата-аналарға да көрсетіп жатырмыз. Ертеңнен бастап мектебіміздің асханасы да жұмысын бастайды. Жалпы мектебіміз балаларды қабылдауға дайын. Инклюзиялық білімге де біз дайынбыз. Балалар келіп жатыр. Әр балаға бір мұғалімнен дайындалады оның барлығы бар.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: 

- 1-ші қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Дос болайық» антибулинг жобасы іске қосылады. Сондай-ақ мектептерге кезең-кезеңмен бірыңғай дизайнкод енгізіледі. Барлық мектептерде жасанды интелектінің жаппай енгізілуі қадам-қадаммен іске асырыла бастайды.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша қазір 8 мың мектеп бар. Олардағы оқушы саны 4 млн асады. Орта білім беру жүйесінде 412 мың педагог еңбек етуде. Биыл 1-ші қыркүйекке дейін еліміз бойынша 130 «Келешек мектебі» ашылды. Сонай-ақ қайтарылған активтер есебінен 61 білім ошағы салынып, пайдалануға берілген. 

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Осы жаңа ғимараттардың арқасында биыл Астана мен Шымкент қаласы және Ақмола мен Қызылорда облысында үш ауысымды мектептер мәселесі жойылыпты. Айта кетейік, қазір Қазақстандағы 3 мың мектеп бір ауысымда, 5 мың мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. 

Ердәулет Ыбырайұлы, Тайыр Мерекенов