Астанада «NeuroBox» суперкомпьютері таныстырылды

  • 10
  • 04.09.2025, 19:58

Астанада Қазақстандағы алғашқы автономды «NeuroBox» суперкомпьютері таныстырылды. Жаңа жүйе ChatGPT, Deepseek, Gemma сынды 8 нейрондық желіні біріктіреді. Пайдаланушылар деректі талдап, мәтін мен видеоны бір-ақ платформа арқылы жасай алады. Оның басты артықшылығы – ақпараттың қауіпсіздігі. Жүйе интернетке қосылмай-ақ жұмыс істейді. Сондықтан деректің сыртқа кету қаупі жоқ. Дегенмен суперкомпьютер әзір өз қызметін тек мемлекеттік органдар мен жекелей компанияларға ғана ұсынады. Ал патент мәселесі шешілген соң, қазақстандық  қолданушылар мен әлемдік нарыққа да қолжетімді болуы мүмкін. 

Төлеген Омарбеков, компанияның негізін қалаушы:

-GPT-мен сөйлессек, жұмыс істесек, бар біздің данныйымыз шетелге кетеді. Біздің мемлекеттік қызметкер GPT-мен жұмыс істесе, барлық мемлекеттік құпия шетелге кетеді. Біз қазір жұмыс істесек нейробокспен, біріншіден, информ безопасность мәселесін шешеміз.