Астанада IT саласындағы ең ірі блокчейн-хакатон басталды. Байқауға сала мамандарымен қоса студенттер де қатысып жатыр. Олар сарапшылардың тапсырмаларын орындап, блокчейн технологиясына негізделген шешімдер әзірлейді. Бұл шара үміткерлер үшін өз жобаларын кең аудиторияға көрсетуге және әлеуетті инвестор, серіктес пен жұмыс берушілердің назарын аударуға үлкен мүмкіндік.
ІТ доданың жүлде қоры – 20 мың доллар. Жеңімпаздар Digital Bridge 2025 форумында марапатталады. Ал ең үздік командалар Қазақстаннан тыс әлемдік Solana хакатонына қатысады.
Азамат Жеңісов, қатысушы:
- Егер мен жеңімпаз болсам, стартап ойымда бар. Қазақ тілін дамыу бойынша стартаптап істегім келеді. Жасанды интеллект қолданып, яғни тек жазу емес, таңдау емес, кнопка арқылы, сөйлеу арқылы қазақ тілін үйрену.