Мектептегі тамақтану стандарты өзгерді

  • 8
  • 03.10.2025, 19:52

Жаңа оқу жылынан бастап мектептегі тамақтану стандарты өзгерді. Мектеп асханасында берілетін тағам құрамындағы қанттың үлесі 3,6 есеге, ал тұздың үлесі 5 есеге азайды. Мамандардың айтуынша, енді балалардың ас мәзірінде көкөніс пен жеміс-жидек, сүт өнімдерінің үлесі артады. Ал шұжық өнімдері мен спредтер мүлдем болмауы керек. Сондай-ақ енді желінбей қалған тамақтардың көрсеткіші бақыланып, ас мәзірі қайта қаралатын болады. 

Ақмарал Мақұлбекова,  ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

- 2025-2026 оқу жылында жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мектептердегі 1,7 млн оқушыға, оның ішінде 1,4 млн-нан астам бастауыш сынып оқушыларына және әлеуметтік санаттың 285 мың 5-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырды. Оқушыларға бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 2025 жылға 192,1 млрд теңген қаржыландыру қарастырылған.