Ұстаздар қауымына ақылды жүйені үйрету мақсатында Талдықорғандағы колледждердің бірінде арнайы семинар ұйымдастырылды. Басқосуда жаңа технологияны білім беруде қолданудың маңыздылығы айтылды. Әрі оны оқу үдерісіне енгізудің жолы түсіндірілді. Нақтырақ айтқанда интерактивті құралдарды пайдалану, көрнекілік материал дайындау және оқу процесін жетілдіру бойынша тиімді тәжірибелік әдістер көрсетілді. Үш кезеңнен тұратын жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ой қорытты.
Ләззат Ізбасарқызы, колледж мұғалімі:
-Осы семинар барысында бірнеше жаңа платформалармен таныстық. Жаңа платформаларды енді өзіміздің жұмыс барысында қолданысқа енгізіп, колледжде білім беру мақсатында қолданамын деген мақсаттамын.