Жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу жемқорлықты тыюға мүмкіндік береді. Жолдауды талқылауға жиналған Қолданбалы этно-саяси зерттеулер институтының өкілдері осылай дейді. Олардың сөзінше, жасанды интеллект шешім қабылдау барысында адами факторды төмендетеді. Қызметтерді ашық, әрі қолжетімді етеді. Бұл орайда мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы да оңтайландырылуы мүмкін. Себебі олардың кейбір міндетін жасанды интеллект атқарады.
Дінмұхаммед Ғали, ҚЭЗИ Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:
- Көп жағдайда мемлекеттік қызметте есептерді құрастыру, мәліметтерді жинақтау сондай мәселелерді жасанды интеллект саласына берген кезде көп адамдар мысалы басқа салаға квалификацияны басқа салаға ауыстыруға мүмкіндік туады. Сондықтан мемлекеттік басқару саласына әсерін тигізетініне сенімдімін.