Атырауда STEM-Ұстаз жобасы қорытындыланды

  • 18
  • 09.10.2025, 19:55

Жобаның мақсаты – мектеп оқушылары мен мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру және жасанды интеллектіні игеруге икемдеу. Сол арқылы жаһандық AI қауымдастығына еркін араласуға қолдау көрсету. Наурыз айында басталған жобаға еліміздің барлық өңірінен 400-дей мұғалім қатысты. Бағдарламаға робототехника пәнін оқытудың негіздері мен практикалық жүйелеу әдістері енгізілген. Курстың 80% тәжірибелік сабақтар. Болашақта осы мұғалімдер мен бірге олардың оқушылары да республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі цифрлық бастамаларға қосыла алады. 16 мұғалімге сертификат берілді. 

Санжар Шалқарбеков, Робототехника мектебінің бас директоры

-Мемлекет басшысы Жолдауында цифрлық технология мен жасанды интелектіні дамыту және оны ғылымның бар саласына енгізу туралы айтқан болатын. Бұл жобаның мақсаты мемлекеттік мектептердегі мұғалімдердің робототехника саласында біліктіліктерін арттыру. Курсты тәмамдаған 400 маман осы оқу жылында 12 мыңдай балаға  робототехниканың негіздерін үйретеді деп жоспарлап отырмыз