Алматыда жоғары энергия физикасы, ядролық және радиациялық физика бойынша халықаралық мектеп жұмысын бастады. Онда медицина мен өнеркәсіптегі ядролық және радиациялық технология, атом энергетикасы, астрофизика мәселесі де талқыланады. Бұл мектеп 9-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған АҚШ, Германия, Италия, Австрия, Ресей сияқты мемлекеттерден 20-ға жуық маман келді. Олар бір апта бойы Қазақ-Британ техникалық университетінде студенттерге дәріс оқиды. Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым мен Брукхейвен ұлттық зертханасының өкілдері баяндама жасайды. Үдеткіш техниканың артықшылығы мен атом электр станциясын салудың өзектілігі жайында сөз қозғайды. Бұл мектеп елімізде білікті маман дайындауға да септігін тигізеді.
Саябек Сахиев, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ядролық физика институтының бас директоры:-CERN-нің бір ерекшелігі өздерінде мектептің ұстаздарына физика математика пәндерінің ұстздарына 1 апталық, 2 апталық курстар жүргізеді. Әлемнің тылсым табиғаттарын жалпы тілмен тіпті оқушы түсінетіндей қылып түсіндіре алатын өздерінің курстары бар. Бұл жерде біз тек қана жоғары оқу орындарымен шектелейін деп тұрған жоқпыз. Болашақта мектептегі ұстаздармен де байланыстырып, оларды да CERN-ға апаратын курстар ашамыз ба деген ойымыз бар.