Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының Сәкен Сейфуллин атындағы ауылда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды. Заманауи білім ордасы 300 орынға арналған. Мектепте STEM-зертхана, жаратылыстану, математика, робототехника және графикалық дизайн кабинеттері бар. Барлығына жасанды интеллектпен жұмыс істейтін интерактивті тақталар қойылған. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларына ерекше мән берілген. Полициямен тікелей байланыс орнатуға арналған дабыл жүйесі мен бейнебақылау орнатылған.
Нұрай Ермекова, 9-сынып оқушысы:
-Мен өте қуаныштымын осындай бізге мүмкіндік беріп отырғанына. Осы мектепті көптен күттім. Бүкілін көріп шықтым. Өте ұнады, ыңғайлы.