Алматыда халықаралық Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы өтті

  • 7
  • 05.11.2025, 20:00

Келісімге сәйкес, медиа саласында білім алып жатқан студенттер тағылымдамадан өтеді. Іс-шара барысында Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Байқауға қатысуға 150-ге тарта автор өтініш бергенімен, 10 үздік жұмыс таңдап алынған. Жүлдеге ие болған картинаның бірі тележурналист Ғабит Бөкенбайдың «Соңғы көшпенділер» деректі фильмі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар түркі мемлекеттері арасындағы мәдени және ғылыми байланысты нығайтады. Журналистика саласындағы ынтымақтастықты арттырып, түркі елдерінің бай мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға негіз болмақ.

Мендерес Демир, Түркі әлемі журналистері федерациясының президенті: 

- Халықаралық Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы 5-ші рет, ал  Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалі 10-шы мәрте өткізіліп жатыр. Ұйымдастыру барысында байқағанымыз, жас таланттар бар. Біз оларға қолдау көрсетуіміз қажет. Фестивальдің ерекшелігі оған студенттер де, кәсіби режиссерлар да қатыса алады. Мақсатымыз – тәжірибе алмасу және түркі әлемін дүние жүзіне паш ету.