Жастар шетелде тәжірибе жинақтайды

  • 11
  • 11.11.2025, 19:39

Жыл басынан бері 10 колледж өз студентін 12 елге жіберген. Осылайша, 150-ден аса жас Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Швейцария сынды елдерде білім алып, тәжірибеден өтті.

Бұл Еркебұлан Махмұтов. Кезінде колледжді «наубайхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жігіт қазір сол оқу орнында шебер болып еңбек етеді. Ол студент кезінен-ақ ісінің қыр-сырын тек отандық ұстаздардан емес, шетелдік мамандардан да үйренген. Түркияда және Татарстанда тағылымдамадан өтіп, кәсіби деңгейін жетілдіре түсіпті. 

Еркебұлан Махмұтов, қалалық қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері:

-Оқыту өте керемет болды. Осындай мүмкіндіктер, әлемді аралау, тіл үйрену, түрік тілін, ағылшын тілін үйрену, франуцз бәрін үйрендім. Осы колледждің арқасында осыншама мүмкіндіктер пайда болды десем болады.

Бүгінде жинаған тәжірибесінің арқасында Еркебұлан бір емес, бірнеше мәрте Швейцария, Польша, Түркия сынды елдердегі белді жарыстарда жеңімпаз атанған. Дәл осындай тағылымдамадан өту мүмкіндігі барлық колледж студенті үшін қолжетімді.

Зәуре Қылышбаева, қалалық қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры:

-2025 жылдың жазында 50 студентті Түркияға жібердік. Ол үшін студент жақсы оқу керек. Ата-анасының келісімі керек және бұл жерде біз 18-ге толған балаларды ғана жібере аламыз.

Мамандардың айтуынша, шетелдік тағылымдамалар тәжірибеден бөлек, кәсіби көзқарасты өзгертуге мүмкіндік береді.

Дана Әлиева, Қайрат Ақтөреев