Қарағандыда «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының жеңімпаздары анықталды

  • 9
  • 13.11.2025, 19:54

Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» агенттігі бірлесіп ұйымдастырған білім жарысына өңір бойынша аудан, қала деңгейіндегі кезеңдеріне барлығы 2 мыңнан астам бала қатысқан. Соның ішінен іріктелген 96-сы облыстық сайыста бақтарын сынады. Үздік шыққан 5 оқушы республикалық сайысқа жолдама алып отыр.

Білім сайысының облыстық кезеңінен үздік шыққан 5 оқушыға «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының мамандары қуанышты хабарды жеткізді. Жеңімпаздардың бірі Жанбота Ошақбай. Ол Нұра ауданындағы Мағжан Жұмабаев атындағы мектепте оқиды. Жолдың шалғайлығына байланысты онымен орталық мамандары онлайн байланысқа шықты.

Дмитрий Шапкин болса, Шахтинск қаласындағы Шоқан Уәлихнов атындаағы метептің 11 сынып оқушысы. Ол гумманитарлық пәндерді сүйіп оқиды. Бірақ болашақта техникалық сала маманы болғысы келеді. Қазір математика, физика және химияны меңгеруге күш салып жүр.

Дмитрий Шапкин, Шахтинск қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушысы:

- Бұл сайыс өзіңді зияткерлік тұрғыда дамытуға үлкен мүмкіндік. «ХХІ ғасыр көшбасшысына» қатысу арқылы мен білімімді қай бағытта жетілдіру қажеттігін саралайтын боламын. Барлық қатысушыларға менің пікіріммен келіседі деп ойлаймын. 

Зере Еркін білім сайысының республикалық кезеңіне жолдама алған бес үміткердің ішіндегі жалғыз қыз бала. Ол Саран қаласындағы Абай атындағы мектепте оқиды. 

Зере Еркін, Саран қаласы Абай атындағы мектептің оқушысы:

- Жарыста сұрақтардың барлығы аралас келді. Дегенмен алдағы уақытта техникалық бағыттарды да шыңдайтын боламын. Дайындықты күшейтеміз. Бар назарымызды, зейінімізді осы жарысқа салатын боламыз.

Ал Дәрмен мен Науаф Қарағандыдағы мамандандырылған мектептерде оқиды. Олар өзге жеңімпаздармен бірге жиналып, республикалық кезеңге дайындық жоспарын пысықтады

Дәрмен Тұрсын, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы:

- Республикада өте үлкен тартыс болады, бізге қиын болатын шығар. Көшбасшы сайысы өте қызық екен. Мен барлық жақтан өзімді тексеріп, осындай затпен айналысқым келді.

Науаф Армия, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы:

- Қарағанды облысының намысын қорғауға бара жатырмыз ғой, сондықтан ары қарай дайындаламын және осы сайыста менде химия және биология пәндерінен қиындықтар туындағанын байқадым. Мен сол пәндерді оқып, республикалық кезеңге нақты дайын болуым керек.

 Облыс жеңімпаздарын республикалық кезеңге дайындау үшін арнайы оқу-жаттығу өткізілетін болады. Оған бірнеше пәндер бойынша білікті ұстаздар, ЖОО-ның ғалымдары, психологтар жұмылдырылады. «XXI ғасыр көшбасшысы» – оқушылардың 11 жыл бойғы оқыған білімі сыналатын үлкен сайыс», - дейді педагог мамандар.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит