Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір 3 ауысымда білім беретін 28 білім ошағы қалған. Жалпы 3 жылда өңірде 45 мектеп салынып, 55-і күрделі жөндеуден өтіпті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Облыста жыл сайын 18 мың бала мектеп бітірсе, 35 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданады. Осы орайда отандық және шетелдік инвесторларға үндеу жолдағым келіп тұр. Бала санын ескере отырып, 3 ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін және 90 мектептің жөндеу жұмыстарына EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын.