Алматыдағы ЖОО бірінде ұлы ойшылдың 180 жылдығына орай халықаралық форум өтті. Мақсаты – кемеңгер тұлғаның мұраларын цифрлық өркениет аясында жаңа көзқараспен кейінгі ұрпаққа мұра ету. Абай атаған құндылықтарды руханияттағы өзекті мәселелермен байланыстыра отырып талқылау. Абайды қазаққа алғаш танытқан Ахмет Байтұрсынұлы. Ал Абайдың мұраларын алғаш ғылыми тұрғыда зерттеп, монография жазған Айқын Нұрқатов.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнында «Абай Lab» ғылыми орталығы жұмыс істейді. Онда Абай шығармашылығы бойынша дәрістер өткізіліп, жас зерттеушілер подкаст түсіріп, ютуб желісіне жүктеуде.
Сәуле Әбішева, филология ғылымдарының докторы, профессор:
- Қазір біз цифрлық контенттерді жинап, Абайды жаңадан қарастырып жатырмыз. «Абай 180: Digital Renaissance» деген жобаны біз Туринский университетпен бірге атқарамыз. Сол университетке біз өткен аптада барып келдік. Үш дәріс оқыдық, подкаст жасадық. Олардың барлығын итальян тіліне аударады. Одан кейін ютубқа, Турин университетінің цифрлық базасына енгізіледі.