Абай облысында аймақтық робототехника байқауы өтті

  • 4
  • 01.12.2025, 18:51

STEM бағытын дамытатын жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен 260-қа жуық оқушы қатысты. Жас инноваторлар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге арналған роботтық жүйені таныстырып, командалық жұмыс пен техникалық шеберлігін көрсетті. Байқауда ерекше көзге түскен жобалардың бірі - «Жас Ұлан» ерлер лицейі жасаған археологиялық жәдігерлерді анықтайтын робот. Құрылғы GPS навигаторымен жабдықталып, қашықтан басқарылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірнеше команда республикалық кезеңге жолдама алды.

Захар Захаров, «Жас Ұлан» ерлер лицейінің оқушысы:
- Біздің жобамыздың мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған тарихи жәдігерлерді анықтап, жас ұрпақтың өткенге қызығушылығын арттыру. Құрылғы арнайы металл катушкасы арқылы соғыс жылдарынан қалған заттарды табуға мүмкіндік береді.