Шетелдік сарапшылар: Жалған ақпаратпен күрес аса маңызды

  • 10
  • 04.12.2025, 19:00

Бұл туралы «Цифрлық орта: Жасанды интеллект және ақпаратты манипулияциялау дәуірінде онлайн болу» тақырыбында өткен медиа форумда айтылды. Орталық Азия және Еуроодақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналған алаңда азаматтық қоғамға шынайы әрі объективті ақпарат беру жайы сөз болды. «Медиакеңістіктегі жалған ақпараттың жылдам тарауы, журналистің алдымен фактчекингке аса мән беру керек екенін көрсетіп отыр», - деді сарапшылар. Сондай-ақ цифрлық трансформация дәуірінде киберқауіпсіздікке бей-жай қарауға болмайды.

Жан-Марк Бургиньон, «Nothing2hide» тең құрылтайшысы (Франция):

- Бүгінде БАҚ өкілдерінің онлайн болуы аса маңызды. Онсыз болмайды. Қазір журналистің рөлі жаңартылып, жаңа кезеңге өтіп жатыр. Дегенмен жаңа сын-қатерлер де өте көп. Сондықтан саладағы маңызды мәселелерді осындай алаңдарда бірлесе отырып ақылдасқан жөн. Қоғаммен байланыс та болу қажет.