ЖИ-ді білім беру саласына енгізу қаншалықты тиімді?

  • 5
  • 05.12.2025, 18:34

Бұл мәселе Астанада педагог мамандардың қатысуымен өткен жиында талқыланды. Қаладағы 80-ге жуық мектеп басшысы мен жоғарғы оқу орындарының ұстаздары жасанды интеллектінің оқушылар үшін оң және теріс ықпалы туралы да айтып, ой бөлісті. Бұл салаға кәсіби маман қажеттігі де сөз болды. Сондай-ақ білім алушылардың жеке деректерін жария етпеу, кибербуллингтен қорғау және мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың тиімділігі талқылады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Жасанды интеллектіні мектепке енгізу деген әлде білім саласына енгізу деген ол чат GPT-ді үйрету дегенмен тепе-тең емес. Өйткені біз ашығын айтайық, балалар әбден қолданып жатыр. Үй жұмысын сонымен жасап жатыр, қазір оның неге әкеліп жатқанын біз көріп отырмыз. Үстірт ойлау, тіпті мынау аналитикалық дағдыларын жоғалтып жатыр. Сондықтан біз оны қалай тиімді пайдалануымыз керек. Бұл жерде ең үлкен мәселе бірінші кезекте үлкен стратегиялық құжат болуы керек.