Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қасиетін ұштайтын байқауда ең жоғары нәтиже көрсеткен 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды. Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» агенттігі бірлесе ұйымдастырған білім бәйгесінің ақтық сынында Қызылорда өңірінің намысын кімдер қорғайды?
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңіне 84 оқушы қатысты. Олар бұған дейін аудандық және қалалық кезеңде бақ сынап, ең жоғары балл жинаған. Байқауға қатысушылар 75 минутта тест түріндегі 60 сұраққа жауап беріп үлгеруі тиіс.Гүлбану Имамзадаева, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы:- Сұрақтар логикалық бағытта балалардың білімін жетілдіруін, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында құрастырылды. Барлығы балалардың өздерінің оқып жатқан пәндік кітапшаларынан алынды. Барлық пән қамтылған.
«Республикалық кезеңге жолдама алған бес оқушының бірі – Қазалы ауданындағы №170 орта мектептің 11-сынып оқушысы Азамат Әбдібай. Бүгінгі сынға тыңғылықты дайындық жасап келдім», – дейді ол.
Азамат Әбдібай, «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезең жеңімпазы:-«Хабар» агенттігінен мен көрген болатынмын. Өйткені біздің ауданымыздан былтыр екі оқушы өткен болатын. Қатысатынның алдында ауданнан өткеннен кейін облыстық кезеңге өтетін кезде мен барлығын қарап, бір визуализация жасап, осылай тұрсам екен, осы «XXI ғасыр көшбасшысының» жейдесін кисем екен деген сияқты бір ой болды. Аллаға шүкір, ол орындалды.
Қасымхан мен Айымжан да республикалық кезеңге жолдама алды. Олар мұндай сайыстар ҰБТ-ға дайындық кезінде білім деңгейімізді көтеруге септігін тигізеді деп санайды.
Айымжан Қалдар, «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезең жеңімпазы:-Оқушылардың білімін ашып, грант бөліп, бұл да бір мотивация болашаққа деген. Сұрақтарға жақсы жауап беріп, республикаға өттік. Қуаныштымын.
Қасымхан Ғанибаев, «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезең жеңімпазы:-Бұйырса республикадан орын алып келуге ниетім бар. Грант жеңіп алу негізгі ниетім сол ғой. «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» агенттігі бірлесе ұйымдастырып отыр. Үздік бестікке енген оқушылар енді республикалық кезеңге дайындалады. Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Ақан Әлиев