«Болашақ» бағдарламасына ЖИ және атом энергетикасы мамандықтары қосылды

  • 10
  • 25.12.2025, 18:31

Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Нәтижесніде комиссия 225 азаматқа «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Орта есеппен бір орынға 4 үміткерден келген. Жаңа стипендианттардың 152-сі – магистратурада, 16-ы докторантурада оқиды. Ал 57 отандасымыз шетелдік университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұдан бөлек, 182 жерлесіміз әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге грант алды. Іріктеу сапасын арттыру мақсатында биыл үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Одан бөлек, келесі жылы кәсіби тағылымдамаға «Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар» деген жаңа санат бекітілді. Сондай-ақ магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды. Жыл сайын бұл бағытқа 20 квота бөлінеді. Мұндай қадам отандық атом өнеркәсібіне қажетті жергілікті білікті кадрларды уақтылы даярлауға мүмкіндік береді.