Атырау облысында «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынының облыстық кезеңі аяқталды

  • 10
  • 23.12.2025, 18:53

Атырау облысында мектеп бітіруші түлектер арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі аяқталды. Соңғы сайысқа шыққан 37 оқушының 5-уі республкиалық кезеңге жолдама алды. Тележоба «Хабар» агенттігі мен оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда. 

Жас дарындардың зияткерлік қабілет-қарымын сарапқа салған сайыс өте тартысты болды. Өз құрбыластарынан оза шапқан 12 жас өрен түрлі тақырыптарды қамтыған шытырман сауалдарға жауап берді. Солардың бірі «Зияткер» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұрай Нұржан, республикалық сайысқа жолдама алған үздік 5 оқуышының бірі болды.     

Нұрай Нұржан, облыс жеңімпазы:

-Мектеп бағдарламасынан алынғандықтан жалпы өзімізге таныс сұрақтар болды. Олардың барлығы да облыстағы үздік оқушы ретінде танылғандықтан барлығымыз бірге осы республикалық кезеңде Атыраудың намысын абыроймен қорғап шығамыз деп ойлаймын. Өзіме жалпы гуманитарлық бағыттағы пәндер ұнайды. Әсіресе, тарих пәні.
 

Ақтық сында біліктіліктерін ортаға салған жас дарындардың барлығы облыстық таланттарды анықтау және қолдау орталығының «Алғыс хатымен» және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Ал үздік шыққан 5 өрен «Хабар» агенттігі ұйымдастырған республикалық тележобаға қатысады. 

Қайырғали Әзімов, облыстық Таланттарды анықтау және қолдау орталығының басшысы:

-Енді оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Бұл жылда дәстрүрлі түрде өтіп жүрген сайыс. Әсіресе, жас оқушыларымызға, дарынды оқушыларымыздың білім-біліктілігін арттыруға беріліп отырған үлкен мүмкіндік деп есептейміз.
 

Осындай зияткерлік ойындар  білімді де, қабілетті жастардың тануылуына игі ықпал етері анық. Биылғы жобаға облыс бойынша 507 өтініш түскен. «Кіл мықтыдан кім мықтыны» іріктегенде соңғы турға 12 түлек шыққан еді. Соның 5-уі үздік деп танылып отыр. Ол жарыс заңы. Дегенмен бұл сынақ олар үшін келешекке бастар баспалдақ болғаны анық.   

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин