500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтті

  • 11
  • 23.12.2025, 18:50

Биыл «Болашақ» бағдарламасының ғылыми тағылымдама бағыты бойынша мыңнан аса қазақстандық шетелдің жетекші оқу орындарында тәжірибеден өтті. Қатысушылардың басым бөлігі гуманитарлық ғылымдар саласын қамтыса, техникалық, медициналық және шығармашылық бағыттар да бар. Ғалымдар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция мен Түркияның озық университеттерінде білімін жетілдірді.

Лаура Душаева былтыр «500 ғалым» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Мэриленд университетінде ветеринарлық медицина бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол молекулалық эпидемиология зертханасында биоқауіпсіздік бағытында ғылыми жұмыс жүргізген. Енді бұл зерттеулер АҚШ және өзге де шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен халықаралық коллаборация аясында қолданыста.

Лаура Душаева, Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша философия докторы:

-
Ол жақта BSL биоқауіпсіздік 1/2 деңгейіндегі зертханаға кіруге мүмкіндігіміз болды. Сол зертхананың ішінде 3 айдай жұмыс істедік. Оның құрылымына қарадық. Зерттеу бағыттарын көрдік.  Әр лобараториядағы жұмыс істеп жатқан адамдар, әр лабараториядағы жетекшісімен кездесіп, жалпы ынтмақтастық бағыттарын талқыладық. Соның нәтижесінде қазіргі таңда Қазақстанға оралғаннан кейін 2024 жылы екі ғылыми жобаға тапсырыс беріп, оны ұтқан болатынбыз. Қазіргі таңда сол ғылыми жобаны жүзеге асып жатырмыз. 

Биыл «Ғылыми тағылымдамалар» санаты аясында 1165 адам шетелдерде біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. 

Қазақстанда шетелдік 35 мыңнан астам студент оқып жүр. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея және Ресейдің жетекші университеттерінің 9 филиалы ашылды. 

Жанна Есенбаева, ҚР ҒЖБМ комитеті төрағасының орынбасары:

-
Біз бірінші кезекте ЖОО бізге әкелетін білім беру бағдарламасын міндетті түрде қараймыз. Яғни эконмикаға қажетті, заман талаптарына сай білім беру бағдарламалары болуы тиіс. Мысалы, Вусонг университетінің киберқауіпсіздік, жасанды интеллект мамандықтарына қатысты білім беру мамандықтарына білім беріп отыр. Ковентри университетінде техникалық физика бағыттары сияқты мамандықтар да ашылып отыр. Негізгі талаптардың бірі – бұл серіктестеріміздің халықаралық рейтингідегі позициялары. 

Ағымдағы жылы 93 мыңнан астам азамат гранттық негізде тегін білім алуға мүмкіндік алды. Оның 60 проценті инженерия бағытына берілген. 

Диана Қадыр, Ерденбек Жылқайдар