Мың адам қатысқан әлеуметтік зерттеудің қорытындысы белгілі болды. Анықталғандай, 2025 жыл тек эмоциялық тұрғыдан ғана емес, адамдар күнделікті өмірінде сезіне алатын нақты өзгерістерге толы болған.
Жыл өткен сайын қазақстандықтар цифрлық қызметтерге жоғары баға беруде. Бұған дәлел ретінде сауалнамаға қатысушылардың 81% цифрландырудың арқасында «күнделікті мәселелерді шешу әлдеқайда ыңғайлы болғанын» айтқан.
Қоғамда инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты да оң көзқарас қалыптасып келеді. Су, жылу және коммуналдық қызметтер мәселесін назардан тыс қалдырмайтын ел тұрғындары бұл бағыттағы істі биыл да бақылауда ұстады. Респонденттердің 75%-ы 2025 жылы ескірген желілерді қалпына келтіру үшін нақты шаралар қабылданды деп санайды.
Қайтарылған активтер халық игілігіне жұмсалады.
Тұрғындар қайтарылған активтерді әлеуметтік нысандар салуға бағыттаудың өз әсерін тигізіп отырғанын да атап өтуде. Қазақстандықтардың 57%-ы мұндай әлеуметтік нысандар саны артып келе жатқанымен келіседі. Алайда бұл бағыттағы іске қатысты жауап беруге қиналғандардың едәуір үлесі, осы тақырып бойынша қоғамға қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілу қажет ететінін айтқан.