Оралда 15 стартап жоба қолдау тапты

  • 81
  • 08.01.2026, 19:00

Орал қаласында 2023 жылы Batys Hub аймақтық орталығы құрылған. Содан бері мұнда 15 жоба қолдау тапқан. Қалааралық жолаушы тасымалы қызметі, шетел тілін меңгеруге арналған онлайн-платформа сияқты бірнеше стартап жүзеге асқан. Былтырдан бастап Batys Hub астаналық цифрлық технопарктің филиалы болды.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева технологиялық кәсіпкерлікті дамытудағы Жайық жастарының бастамаларымен танысты.

Әсел Қасымова, Batys Hub директоры:

 - IT стартаперларды қолдаймыз, олардың IT мамандарына білім береміз, әртүрлі онлайн-оффлайн бағдарламалар бар. Яғни біз сол технологиялық кәсіпкерлікті нығайтып, инновациялық IT-эко жүйесін құрамыз, қалыптастырамыз, нығайтамыз, дамытамыз. Оларға барлық мүмкіндіктер, қолдау көрсетеміз. 

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президент өзінің сөзінде осы жылы цифрлық қатынастарға, цифрлық  жобаларға, жалпы цифрлық дамуға үлкен көңіл бөлеміз дегенді айтты.  Сондықтан осындай хабтар әрі қарай дамуға талпыныс беретін үлкен жобалар. Оған қоса Мәжілісте жаңадан Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заңдар қабылданды. Сондықтан бұлар да әрі қарай саланы дамытуға одан да үлкен серпін беруге арналған.