Сарапшылардың болжауынша, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығы 4,8 трлн долларға жетеді. Қазақстан да осы жаһандық үрдістен шет қалып отырған жоқ. Биыл Президент жарлығымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.
Бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орналасқан суперкомпьютер. Жас ғалымдар үшін ең үлкен кедергілердің бірі – есептеу ресурсының тапшылығы. Зерттеу идеясы бар, бірақ қуатты сервер жоқ. Дерек бар, бірақ өңдейтін мүмкіндік шектеулі. Farabi Supercomputer орталығы осы олқылықтың орнын толтырады. Күрделі модельдеу, үлкен деректерді талдау, нейрожелілерді үйрету, геномика, материалтану сияқты бағыттарда тәжірибені тездетеді. Академиялық класстерге жататын суперкомпьютердің артықшылығы – оны ғалымдар да, студенттер де қолданады.
Жансейіт Түймебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:
- Біз Қазақстанмен және Орта Азия университеттерінің арасындағы ең үлкен суперкомпьютерді орнаттық. Оның көлемі – 2 мың терофлокс. Бұл 600 мықты компьютердің арасына кіреді. Бұған дейін ғалымдардың идеялары болатын. Оған жүзеге асыратын сервер жоқ. Олардың материалдары болатын, оны өңдейтін суперкомпьютер жоқ. Ал қазіргі таңда суперкомпьютер ЖИ пайдалана отырып және бұрын айлар бойы, жылдар бойы есептейтін маериалдарды қазір минуттар, сағаттардың ішінде есептеп нәтижесін береді.
Қарапайым тілмен айтсақ, суперкомпьютердің есептеуіш қуаты ең мықты деген дербес компьютермен салыстырғанда 10 мың есе жоғары. Яғни осынша компьютерді алмастырады. Қазір оның базасында университет ғалымдары өздерінің жобаларын есептеп жатыр. Атап айтқанда, химия, физика, метеорология бағытында модельдеумен айналысады.
Әмірхан Темірбаев, Farabi Supercomputer Center директоры:
- Біздің суперкомпьютеріміз CPU деген серверлер болады. CPU және GPU серверлерден құралған кешен. Жалпы СК кешеніміз 430 серверден құралған. Яғни 430 сервер өзара инфинибент деген жүйе арқылы байланысқан. Ол өте жылдам жүйе. Сондықтан 430 сервер бірлесе жұмыс істейді бір уақыттың ішінде.
Ғылым, инновация, бизнес. Farabi HUB-тың мақсаты – осы үш саланың басын біріктіру. Орталық ғалымдар мен студенттердің ғылыми идеялары мен өнертабыстарын тікелей нарықпен байланыстырып дамытуға мүмкіндік береді. Оған қоса, суперкомпьютер кешендерінде жұмыс істейтін мамандарға қосымша білім береді.
Марғұлан Ибраимов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры:
- Болашақта бұл жерде бизнес инкубатор ашу жоспарымыз бар. Ол жерде жаңа айтқан бірнеше корпорация бар. Бұл жерде бизнес-инкубатор, акселерация, мысалы, стартап жобаларды, бизнес идеяларды, ғылыми идеяларды акселерация жасау, дамыту. Осы жоспарларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз.
Суперкомпьютер орталығы да, Farabi hub орталығының да жоспары ауқымды. Мамандар халыққа қажетті жаңа серверлер ұсынады. Қазір Әл-Фараби университетінің Жасанды интеллект факультетінде 300-ге тарта жас білім алып жүр.
Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон