Алматыда көлік ғылымдары институты құрылды

  • 55
  • 09.01.2026, 18:48

Алматыда Қазақстандағы алғашқы көлік ғылымдары мен технологиялары институты ашылды. Ел экономикасы үшін көлік-логистика саласын дамыту және тауар транзитін ұлғайту маңызды. Жаңадан құрылған институт инфрақұрылымының беріктігі мен сенімділігін арттыруға, көлік жүйесін тиімді басқаруға, инновациялық технологияларды әзірлеуге көмектеседі.

Мемлекет басшысы осы міндеттерді іске асыру үшін саланы заманауи ғылыммен қамтуды тапсырған болатын. Маңызды ғылыми бағыттардың  бірі – Қазақстан аумағының жол-климаттық аудандарын нақтылау. 

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Ғалымдар: «Бізде іс жүзінде екі табиғи зона емес, бізде алты табиғи зона болуы керек», - дейді. Сол әрбір зонаның өзінің автомобиль жолдарын салғанда өзінің технологиясы болуы керек. Сол табиғи зоналарға бейім болуы керек. Сондықтан қазір жолдардың сапасы қалып тұрғаны да сол. Басынан бастап ғылми технологияны дұрыс анықтауымыз керек. Бұл өте маңызды.