Алматылық ғалымдар көгалдандыруды ғылыммен дамытпақ

  • 15
  • 13.01.2026, 21:59

Көгалдандырудағы кемшін тұстарды ғылым арқылы толықтыруға болады. Алматылық ғалымдар Green Science KZ атты әлеуметтік және білім беру жобасын қолға алды.

Қазір Бас ботаникалық бақтың мамандары өңірлердің климаттық және экологиялық жағдайына сай зерттеу жасап жатыр. Нәтижесінде әр аймақтың ерекшелігіне, яғни құрғақшылыққа, аязға, тұзды топыраққа және түрлі ауруларға төзімді өсімдік пен ағаш түрлері іріктеледі. 

Ұсынылатын өсімдіктердің каталогтары мен оларды отырғызу және күтіп-баптаудың нұсқаулықтары жасалады. Жоба аясында ұлттық парктерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды көркейту жоспарланған. Оның мақсаты – биологиялық алуантүрлілікті сақтап, климаттың өзгерісіне бейімделу.

Лаура Шадманова, Ботаника және фитоинтродукция институтының зертхана меңгерушісі:

- Бізге ұсыныс берілгеннен бастап қырғыз қайыңын өсіре бастадық. Қазір бұл қайыңды лабораторияда көресіздер, зертханалық жағдайда микроклоналды жолмен өсіріп жатқан қайыңдарымыз бар. Ұлытау облысына қырғыз қайыңын өсіруді ұсынамыз.