Қазақстан дипломымен шетелде де жұмыс істеуге болады

  • 9
  • 15.01.2026, 21:31

Қазақстан дипломымен енді шетелде де жұмысқа орналасуға болады. Сенат ЮНЕСКО қамқорлығымен қабылданған жоғары білімдегі біліктіліктерді тану жөніндегі өңірлік конвенцияны ратификациялады. Аталмыш құжат Азия-Тынық мұхиты елдері арасында дипломдарды танудың бірыңғай әрі ашық қағидаларын белгілейді. Қай ел біздің білімді мойындады дегенге келсек, тізімде Қытай, Жапония, Корея, Австралия, Жаңа Зеландия, Моңғолия сияқты 12 мемлекет бар. Қазақстан бұл конвенцияға қосылған алғашқы ел. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

- Қаралған құжат тараптар арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Заңның мақұлдануы мүше мемлекеттер арасында серіктестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ еліміздің білім беру жүйесінің беделін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.