«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» атты энциклопедиялық жинақ жарық көрді

  • 9
  • 23.01.2026, 21:52

Елордада Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай «Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» атты энциклопедиялық жинақтың тұсаукесері өтті. Еңбекте батырдың майдандағы ерлігі, замандастары мен қаруластарының естеліктері, туыстырының әңгімелері қамтылған. Сондай-ақ Ақтөбе облысындағы ауыл мен ел қалаларындағы көшелерге батырдың есімі берілген. Мемориалдық кешен бой көтеріп, асыл бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында жаңғыра түскен. Аталған шара батыр қыздың ерлігін ұлықтауға, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған.

Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұған екі жылдай дайындық болды. Үш есе толықтырулар енгізілді деп айтуға болады. Автор болып өзім қолға алдым, екінші автор болып Бөлекбаев Тасболат. Негізгі еңбек Ақтөбе облысының сол мемориалдың ескерткіштің директорының жинаған жинақтары көп әсер етті. Бұл кітаптың өзі үлкен болашағымызға жол ашатын қару болу керек Ең керегі – үлкен рух, патриоттық сезім және Отанымызға деген сүйіспеншілік.