Астана қаласында «Оқу сауаттылығының жаңа траекториясы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Басқосуда жасанды интеллектінің білім саласындағы мүмкіндіктері сөз болды. Еліміздің әр өңірінен тәжірибе алмасуға келген мамандар жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Бауыржан Түленов, жекеменшік мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
- Біздің жасап жатқан жұмыстың сапасына тікелей әсер етеді. Сабақта қолданылатын видеофрагменттер, презентация болсын терең дайындауға, балаларға қызықты қылып дайындауға мүмкіндіктер өте жоғары. Бұл бізге өте қажет, біз оны қарқынды қолдануымыз керек.