Елордада «Alem Tech Fest 2026» инженерлік фестивалі басталды

  • 1274
  • 11.02.2026, 21:58

Заманауи додаға әлемнің 7 елінен 5 мыңға жуық бала, яғни 500-ден астам команда қатысуда. Кішкентай бүлдіршіндер түрлі құрастырмалы ойыншықтар жасап ұсынса, мектеп оқушылары мен студенттер күрделі қосымшалар, роботтар мен дрондар әзірлеп әкелген. Мәселен, «мына ит робот іздестіру және құтқару жұмыстарына таптырмас көмекші бола алады» - дейді мамандар. 

Биылғы маусымның тақырыбы – археология. Сондықтан өнертапқыш жастар осы саланың өзекті мәселелерін зерттеп, мамандармен бірлесе отырып, тың инженерлік шешімдерін ұсынып отыр. Үздік жоба иелері алдағы уақытта Америка Құрама Штаттарында өтетін әлемдік додада бақ сынамақ.

Асылбек Мырзахметов, фестиваль ұйымдастырушысы:

- Бұл жерде ең маңызды – интеграция. Командалар тек қана өзінің лаборотория, мектебінде өзінің жобасын жасап қана қоймай, археологтармен бірге, индустриямен бірге жасау керек. Сол жаққа апару керек. Сол жақта өзінің несін зерттеп, тексеріп кейін тағы бірнәрсесін қосып, осы жарысқа келеді. Біз соны өте қатты бағалаймыз.