Заң әдебиеті тағы бір еңбекпен толықты. Әбдірашид Жүкеновтың «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот практикасы туралы нормативтік қаулыларына түсіндірме» атты кітабының тұсаукесері өтті.
4 томдық туындыда құқықбұзушылықтардың жиынтығы, қылмыстық заңның кері күші және жаза тағайындау мәселелері бойынша кеңейтілген түсіндірме берілген. Судья, прокурор, адвокат және заңгер мамандарын дайындайтын оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған еңбек 2000 данамен жарық көрді.
Әбдірашит Жүкенов, «Жоғарғы Соттың отставкадағы судьялары алқасы» ҚБ тең төрағасы, кітап авторы:
- Бұл кітапта кәсіби практикамнан алып, Жоғарғы Соттың нормативті қаулы дегенге түсініктеме береді, соған мен қосымша түсініктеме беріп отырмын. Оның ішінде нағыз болған қылмыстық істер бойынша мысалдарға, деректерге сүйеніп, түсініктеме беріп отырмын. Қай істі қалай қарау керек, қандай істі қалай дәрежелеу керек, қай заңмен жазу керек, қандай жаза тағайындау керек, соның бәрін көрсетіп, кейбір қиындықтар бар, соларға түсініктеме беріп отырмын.