Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Былтыр жарты ғасыр жөндеу көрмеген 9 білім беру мекемесінде реновация бағдарламасы жүзеге асырылды. Соның екеуі Үржар ауданында орналасқан. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепке «Қазақстан халқына» қорынан 250 миллион теңге бөлініп, материалдық-техникалық базасы түгел жаңартылды
Үржар ауданындағы Абай орта мектебінің іргесі 60 жыл бұрын қаланған. Бұған дейін мүлде жөндеу көрмеген білім ордасына былтыр бюджеттен қаржы бөлініп, толықтай жаңарды. Оқу кабинеттері жөнделіп, жылу желісі мен электр желілері ауыстырылды. 500-ден астам бала тәлім алып жатқан білім ордасына енді жаңа жиһаз қажет.
Тұрсынғазы Тұрдыбаев, Абай атындағы мектеп директоры:-Осы биылғы жылы үмітіміз бар. Мектебіміз реновациядан өтіп, тағы осы жасалған жаңарған жұмыстарымыз материалдық-техникалық базамен тағы бір жасақталып жабдықталып өз деңгейінде болады деген ойдамыз.
Құралай Несіпханова Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 9-сыныбында оқиды. Жастайынан тігіншілік өнерін серік еткен ол түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Толықтай жаңғырған мектебінде талапқа сай шеберхана ашылғанына өте қуанышты
Құралай Несіпханова, оқушы:
- Еңбек сабағы маған ұнайды. Кішкентай кезімнен көріп келе жатырмын, тігін тігу тоқыма тоқу. Бұның барлығы көп нәрсе жаңарды десем болады. Бұрын осы ыдыстар, осы шеберхана мүлде болмайтын. Сайыстарға келетін болсақ, әртүрлі сайыстар болып отырады. Біздің мұғалімдер келіп бізге ескертіп айтып отырады. Соған арнайы дайындаламыз.
Бауыржан Момышұлы мектебінде арнайы жабдықталған физика, химия, биология, информатика кабинеттері, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері ашылды. Бұған қоса робототехника, art-студия, stem-зертхана және телестудия ба .
Гүлназия Тұрдыбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
-Интерактивті тақталар, компьютерлер барлығымен жабдықтады. Бұл біріншіден біздің мұғалімдерге сабақ беруді қызықты тиімді өткізуіне көмегі тиеді. Ал оқушыларға менің ойымша сабақтағы белсенділіктерін арттырды. Білім беруге деген ынталарын күшейтті деп санаймын.
Үржар ауданында 33 мектеп бар. Соның 10 шақтысы күрделі жөндеуді қажет етеді. Өйткені басым бөлігі 20-60 жыл бұрын салынған білім ошақтары. 2027 жылға дейін ауданда тағы үш мектепке реновация жұмыстары жүргізу жоспарланып от р.
Ержан Шакеев, Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Ауданымызда осы реновация жобасына бес мектеп енгізілді. 2026 жылы Абылайхан орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Оған қажетті қаражат бөлінді облыстық бюджеттен. Келесі жылы ол мектепке де күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сол сияқты 27-ші жылы тағы екі мектебіміз б р.
Жалпы Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл өңірдегі 26 білім беру мекемесінде жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл бастама білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков