1-сыныпқа құжат қабылдау тәртібі өзгерді

  • 8
  • 31.03.2026, 21:50

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібі өзгерді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндағы мақсат - бірінші сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлек өткізу және мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтып, білім беру процесіне кедергі келтірмеу.