Алматыда «Ғылым аллеясы» ашылды

  • 6
  • 10.04.2026, 21:39

Алматыда Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында «Ғылым аллеясы» ашылды. Экологиялық акцияны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырған. Игі шараға профессор, академиктер мен жас зерттеушілер қатысты.

Акция барысында Ұлттық Ғылым академиясы аумағында көшеттер егілді. Ағаштар ландшафт дизайнерлері бекіткен орындарға отырғызылды. Осы арқылы аллеяның эстетикалық көрінісі өзгерді.

Алмасбек Шағырбай, ФСДИ Дінтану зерттеулер орталығының жетекшісі:

- Бұл акцияның қоғам үшін маңыздылығы экологиялық сананы қалыптастыру. Жалпы қоршаған ортаны таза ұстау. Сол дүниелерге біз кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге ретінде осындай ғалымдармен, әкімдіктің орталықтары бірлесіп, ағаш отырғызы үлкен акциясы жүріп жатыр. Бұл акцияның жастарға берері, қоршаған ортадағы ағаштарға деген құрмет.

Бүгінде «Ғылым ордасы» ірі ғылыми-мәдени орталық болып саналады. Оның құрамына кітапхана, бірнеше түрлі музей және ғылыми орталықтар кіреді. Енді бұл жердің ресми аллеясы болады. Ғалымдардың айтуынша, әр ағаш келешек ұрпаққа қалдырған экологиялық мұра.

Қайыржан Әбдіхалықов, Алматы қаласы азаматтық альянсының төрағасы:

- Осы ағаштарды отырғызып «Ғылым аллеясын» құру идеясы. Ол негізінен осы «Таза Қазақстан» саясатына және құндылықтарынан шыққан мәселе. Жалпы бұл енді тазару мәселесі. Сонымен қатар бізде жаңадан қабылданған конституцияда, приамбуласында осы Таза Қазақстан экологизм құндылықтары көрсетілген.

Акция барысында туя көшеттері отырғызылды. Тазалық акциясына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Ол ғалымдарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аталмыш іс-шара қаланың экологиялық болашағына қосылған үлес.

Ернұр Рысбай, Радик Жакупов, Хабар Алматы