Мобильді қосымшаны қазақстандық инженерлер жасаған. Енді Қарасай ауданының оқушылары теорияны тәжірибемен ұштастырып, жасанды интеллектінің тілін түсініп, бағдарлама жасауды меңгереді. Былтыр бірнеше мектепте бастау алған пилоттық жоба бүгін 20 ауыл мектебіне енгізілді.
Долан ауылындағы білім ошағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында былтыр ашылды. Оқушылардың заман талабына сай білім алуына барлық жағдай жасалған. Бүгін цифрлық платформаға қосылып отыр. Балалар смартфонның көмегімен-ақ алгоритмдерді зерттеп, IoT-жобалар мен AR-ойындар жасауды үйренеді. Осылайша ауыл баласы цифрлық әлемге бір табан жақындай түспек. Бекмахан Балғабек Қаскелең қаласында оқиды. IT саласын мектепте үйреніп жүргініне бір жылдан асыпты. Өздері бағдаршам құрастырып, тұрақтардағы шлагбауымның құрылымын зерттеген. Бүгін ол тәжірибесімен бөлісті.
Бекмахан Балғабек, 11-сынып оқушысы:
- Ең бірінші кезекте бұл жерде Pythone үйренемін, Sitlasplas және әртүрлі кодтардың мағыналары мен қалай логиасын түсіну, ұғымдарды цикл жасау соны түсіндім бәрін. Кішкентай жобалардан бастап, үлкен, ауқымды жобаларға әкелуге болады. Мысалы, қазір әртүрлі стартаптар жасауға болады.
Былтыр Қарасай ауданындағы 3 мектепте бағдарламалау тілі пилоттық жоба ретінде енгізілген. Мұғалімдердің мақсаты ауыл оқушыларының ицфрлық білімін арттыру. Жұмысты үйлестіру үшін арнайы аудандық хаб құрылды.
Әсел Еркінбаева, Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Бұл хабта бізде жаңағы 20 мектептің оқушылары ұстаздарымен бірге зерттеу, робототехника, жасанды интеллект, цифрлындыру бағытында ғылыми жұмыстар жүргізетін болады. Бұл сабақ барысында да қолдана беруге болады және сабақтан тыс үйірме ретінде де жүргізуге болады. Яғни барлық мүмкіндіктерге қолайлы.
Болашақта ауданның барлық мектептерінде цифрлық білім беретін платформаларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл адам капиталын арттырып, инженерлер шоғырын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев