Атырауда ғалым әйелдердің өңірлік форумы өтті. Шараға мемлекеттік басшылық қызметте, бизнес пен мұнай-газ өнеркәсібінде жетістікке жеткен әйелдер қатысты. Сондай-ақ еңбек ардагерлері де шақырылды. Бүгінде елімізде ғалымдардың 51,6 пайызы әйелдер. Мысалы, Атыраудағы ғалым әйелдердің зерттеулері тікелей өңір экономикасымен байланысты. Яғни олар тек теория емес, нақты өндірістік мәселелерді шешуге қатысады.
Форумға жиналғандар ғылым мен білім саласындағы әйел азаматтардың орны, олардың жалпы қоғамның дамуына қосып келе жатқан үлесі туралы ойларын ортаға салды.
Гүлзада Шакуликова, С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ректоры:
- Жалпы ғылым біздің Қазақстанда дамып келе жатқаны сөзсіз. Соңғы 3-5 жыл арасында ғылымның қаржыландырылуы 2 есеге аса түсті. Біздің университетке жиналған ханымдар: олар бизнесте өндірісте жасайтын басшылар мына мемлекеттік органда жасайтындар. Олар біздің жас мамандармен білім алып жатқан студенттермен өзінің тәжірибелерімен бөлісті.