Ұлттық бірыңғай тестілеу қайтадан ұтымды түрде ұйымдастырылады. Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соның 3 жолын көрсетті. «Алдымен мемлекеттік емтихан бір рет қана тапсырылады. Бұл грант конкурсы үшін ашықтық әрі басты баға ретінде қарастырылуы тиіс. Ал қазіргідей қайталама тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді», - дейді. Бірақ білім деңгейін бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу сақталады.
Бұдан бөлек, келер жылдан педагогикалық мамандықтарға түсу ережесі де өзгереді. Енді ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандар да ескеріледі. Осылайша сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары негізге алынбақ. Тағы бір талап – foundation, яғни жоғары оқу орындарына дайындық бағдарламалары арқылы шартты түрде қабылдаудан бас тарту қажет делінген. Өйткені солай қабылданған студенттердің шамамен 50-60 пайызы оқу жылында ең төменгі шекті балл жинай алмайды. Демек талапкерлер болашақ мамандығын саналы түрде таңдау керек. «Бұның бәрі дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеу үшін маңызды қадам», - деп түйіндеді вице-премьер.