Алматыда ұшқышсыз әуе технологияларын зерттеу орталығы ашылды

  • 13
  • 17.04.2026, 21:38

Алматыда ұшқышсыз авиациалық технологияларды зерттеу орталығы ашылды. Енді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында дрондарды жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Ашылу рәсіміне Қытай, Белгия, Германия мен Швейцариядан сарапшылар да қатысты. Орталық көп ұзамай жасанды интеллект, цифрлық технологиялар жəне дрон индустриясы саласындағы озық шешімдерді əзірлейтін алаңға айналмақ.

Марғұлан Ибраимов, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры:

- Ең маңыздысы – болашақта қазір мынау дронды жасайтын орталықтар жеткілікті, бірақ осыны өндіріп, түбегейлі әрбір деталімен осы жерде өндіру арқылы және сонымен қатар осы дрондарға қатысты жүйені жасау. Енді білесіздер, біздің Қазақстан Республикасының территориясы өте үлкен, сондықтан дрондық жүйе, дронға қарсы мәселелердің барлығы осы жерлерде зерттеледі.