Алматыда ревматологтардың халықаралық конгресі өтіп жатыр

  • 9
  • 15.05.2026, 19:36

Қазір елімізде ревматоидты артритпен ауыратын науқастардың бірыңғай цифрлық регистрін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан ревматологтарының IX конгресі мен APLAR-QCR саммитінде айтылды. Шараға әлемнің 15 елінен келген жетекші мамандар, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Әсіресе форум аясында жас ғалымдарға зерттеу нәтижелерін халықаралық сарапшыларға ұсынып, ғылыми байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Ревматологтардың айтуынша, 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында цифрлық технология енгізіледі. Бұл науқастардың мүгедектікке ұшырауын азайтады.

Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР ДСМ штаттан тыс ревматологы:

- Жас ревматологтарға, жас мамандарға көңіл бөліп жатырмыз. Жас мамандарды Сингапур, Корея, Жапония тағы басқа мемлекеттегі әріптестермен таныстырып, олармен жоба құрып, халықаралық  мамандармен тығыз байланыста соның жұмысын атқарып жатырмыз. Жас ревматолог мамандардың ішінде конкурс өтеді. Оған 17 адам қатысады. Оның ішінде Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия және басқа мемлекттердің жас ревматологтары қатысады.