Елордада WorldSkills Astana-2026 XI қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы додаға 55 сала бойынша 347 қатысушы мен 300-ге жуық сарапшы тартылған.
16–26 мамыр аралығында Астанадағы 17 колледж алаңында жас мамандар IT, робототехника, құрылыс, сервис, дизайн және білім беру бағыттарында кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Чемпионат аясында «Abilympics», «DeafSkills» және «Jasskills» жобалары да ұйымдастырылады. Үздік атанған қатысушылар «WorldSkills Kazakhstan-2026» республикалық чемпионатында елорда намысын қорғайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастардың өндірістік ортаға бейімделіп, білікті маман ретінде қалыптасуына жол ашады.
Мұхит Кибадолдин, 2-курс студенті:
- Біздің командада 20 шақты адам бар. Сонымен қатар WorldSkills чемпионаты біз секілді жас мамандарға тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Мен өзім алғаш рет қатысып жатырмын. Дайындық барысында біз бағдарламалау тілі бойынша жобалар жаздық. Мысалы, SmartProfit дегеніміз бар. Ол бағдарлама бізде адамдардың шығындары, бизнес шешімдеріне қолайлы бағдарлама.