Елордада байланыс мамандары арасында байқау өтті

  • 8
  • 15.05.2026, 19:45

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні. Бұл еліміз бойынша осы салада еңбек ететін 35 мыңнан астам адамның кәсіби мерекесі. Осыған орай Астана 9 бірдей телекоммуникациялық компания мамандары арасында байқау ұйымдастырылды. Қатысушылар тұрақты әрі сапалы байланысты қамтамасыз етудегі ең негізгі бағыт талшықты-оптикалық байланыс желілерін дәнекерлеу бойынша өз өнерлерін көрсетті. Шапшаң әрекет етуден өзге, жұмыс сапасы, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы басты назарға алынған. Сайыс осымен екінші жыл қатарын ұйымдастырылып отыр.

Ал елде интернет сапасын арттыру ісі жалғасуда. Бүгінде тек ауылдық жерлер заманауи 4G стандартына көшірілуде. Ал 5G технологиясы 20-дан астам қалада енгізілген.

Дамир Сейсембеков, ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы:

- Қазір бізде үлкен жоба іске асырылып жатыр. Ол «Қазақтелеком» компаниясы үш мыңнан астам ауылдық мекендерге талшықты-оптика жүргізеді. Сонда 92 пайыз ауылдық мекендерге талшықты-оптика жеткізіледі. Ол жұмыстар 2027 жылы аяқталады.