Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

  • 6
  • 19.05.2026, 19:54

Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік нәтиже көрсетті. Олар 140 балл жинап, бірдей бейінді пәндерді таңдаған. Оған қоса болашақ мамандықтары да ұқсас.

Айсұлтан Жаңбырбай бұл мектептке былтыр Шымкенттен ауысып келген. Ал Жасұр Нышанбаев Түркістанның тумасы. Екеуі де оқу озаты. Бір жатақханада тұрады. Негізгі тестілеуге бірге дайындалып, қосымша пән ретінде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған.

Айсұлтан Жаңбырбай, мектеп оқушысы:

-ҰБТ-ға кіргенде дәл мен оқыған тақырыптар, мен оқыған сұрақтар келді. 140 балл алатынымды білдім. Сондықтан мен қатты қуана қойған жоқпын. Өзімді информатика жағынан дамытқым келеді. Себебі қазір біздің Қазақстан ақпараттық мемлекет болып келе жатыр. 

Жасұр Нышанбаев, мектеп оқушысы:

-Аударма ісі және дипломатияға түскім келеді. Айсұлтан айтқандай менде Вусонг университетін ойлап отырмын. Бұл техникалық жақ қой, өзімді жаңа бағытта көріп, сынағым келеді. Ал ағылшын тілі менің ойымша қосымша құрал болуы керек. Мен бакалаврды Қазақстанда аяқтап, басқа мемлектке барып астрофизикаға түсіп, осы саланы көркейткім келеді Қазақстанда.

Қос түлекті тестілеуге дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі Самандар Әшірбеков дайындаған. Дайындықты кейде ойын түрінде жүргізген.

Самандар Әшірбеков, дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі:

-Тек қана кітапты жаттай беріп, 140 балл алу мүмкін емес. Жалпы адамда логика болу керек. Біздің сыныпта ойнайтын ойындарымыз тұлғалар туралы болады. Әртүрлі тарихи суреттер туралы болады. Өте жақсы дайындалдық. 140 деп шыққан кезде әлемде менен асқан бақытты адам болмады. Өте қатты қуандым.

Бұл тек екі оқушының емес, ата-ана мен ұстаздардың бірлесе қолдауының жемісі.

Әсел Асылжанқызы, биология пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі:

-Екеуінде де бір қасиет бар. Екеуінің адамгершілік, мейірімділік қасиеті өте жоғары. Бұлардың басты мақсаты - оқи берді, оқи берді. артық ештеңге көңіл бөлген жоқ. Қанша сабақ оқыса да, қасындағы сыныптастарын ұмытқан жоқ. Көмек сұраса олар өздерінің уақыттарын бөліп, соларға көмектесіп, үйретіп, үнемі даму үстінде болды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде осы сыныптың тағы бір түлегі 139 сұрақтың жауабын дұрыс тапқан. Ал ең төменгі көрсеткіш 124 балл.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш