Елде 4 миллионға жуық бала оқу жылын аяқтады

  • 7
  • 25.05.2026, 19:50

Оның 215 мыңнан астамы 11-сынып түлектері. 

Соңғы қоңырау күні еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Онда оқу жылы қорытындыланып, жазғы демалыста оқитын әдебиеттер тізімі таныстырылды. Ал Алматыда 11-сыныпты 21 мыңға жуық оқушы аяқтады. Қаладағы бірнеше мектептің түлектері соңғы қоңыраудан кейін қайырымдылық шарасын өткізді. Олар мұқтаж жандарға азық-түлік таратты. Бұл іс түлектердің ұсынысымен, ата-аналардың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Ерасыл Ғаниұлы, оқушы:

- Менің мектепке деген алғысым шексіз. Осыған дейін алып келген тәрбием мектептің арқасында болды. 

Алда мектеп бітірушілерді қорытынды емтихан мен ҰБТ күтіп тұр. Қалада білім сапасын арттырумен қатар мектеп инфрақұрылымын жақсарту жалғасып жатыр. Білім басқармасының мәліметінше, соңғы жылдары Алматыда 37 мектеп салынған.

Сәкен Аралбаев, қалалық білім басқармасының басшысы: 

- Ал биылғы жылы сәуір айында тағы 2 мектеп қолданысқа берілсе, жаңа оқу жылынан бастап біз сыйымдылығы 10500 орынға арналған қосымша 7 келешек мектебін қолданысқа беруді көздеп отырмыз.