Қазақстан мен Қырғызстан дала өркениетін зерттеуге консорциум құрды

  • 9
  • 19.06.2026, 19:34

Қазақстан мен Қырғызстан ғалымдары дала өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық консорциум құрды. Бұл бастама түркі халықтарының мұрасын түгендеп, ғылыми жобаларды іске асыруға, археологиялық экспедициялар ұйымдастыруға бағытталған. Сондай-ақ цифрлық архивтер қалыптастырады.

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ғылыми-интеграциялық форум өтті. Консорциумның құрылуы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми әріптестікті жаңа деңгейге көтереді. Орталық Азиядағы ғылыми интеграцияны нығайтады. 

Жеңісбек Төлен, Қазақстан Республикасы Президенті  жанындағы ҰҒА орталық басшысы:

- Консорциумға 9 мемлекет кіреді. Орталық Азия елдері, Татарстан, Башқұртстан, Әзербайжан, Түркия мемлекеттері. Мақсаты – ұлы дала өркениетін ортақ бірігіп зерттеу. Оның ішінде Түркі қағанат мен түркі дәуірінен бастап Алтын Орда өркениетін ортақ зерттеу. Консорциумды алғаш қабылдаған мемлекет Қырғызстан болып отыр.

Бекмамат Жээнбаев, Қырғыз Республикасы ҰҒА Президенті:  

- Нәтижелер менің ойымша, жақсы болады. Бұған дейін де болып келген. Мысалы, Қырғызстандағы Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты бар. Қазақстанда Жамбыл атындағы және басқа да ғылыми ұйымдар, институттар бар. Солардың арқасында ілімаралық алысулар шоң жүргізу болып келеді.