Елордада «Зерделі ұлт: оқу мәдениеті және ұлт болашағы» тақырыбында Aqsham Talks зияткерлік алаңы ұйымдастырылады. Жоба аясында кітап оқу мәдениетін жаңа мазмұнда насихаттау, оқырман мен ойлы аудитория арасында ашық пікір алмасу көзделген. IT, филология, педагогика және креатив индустриясы салаларындағы спикерлер бас қосып, өз тәжірибесі туралы баяндады.
Aqsham Talks – білім, руханият, технология, кәсіп және тұлғалық даму тақырыптарын тоғыстыратын жаңа интеллектуалдық алаң.
Олжас Сыдықбек, Elorda Aqparat медиахолдингінің директоры:
- Арнайы 5 спикер шақырдық. Олар кітап оқу мәселесіне бес түрлі қырынан қарайды. Оның ішінде бүгінгі күні аса өзекті болып тұрған ата-ана мен бала арасындағы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, балаларымызға кітап оқудың құндылығын арттыру, оларды кітаппен қалай достастыру керек деген мәселелер талқыланады. Сондай-ақ бүгінгі қоғамда қандай кітаптар оқылып жатқаны, шетелдік тәжірибедегі қандай құндылықтарды өз игілігімізге жарата алатынымыз туралы да сөз болады. Сол секілді талқылаулар өтеді.