ҰБТ: 890 талапкер ереже бұзған

  • 6
  • 16.07.2026, 19:50

Биыл 890 талапкер академиялық адалдық талаптарын бұзғаны үшін ҰБТ-дан шеттетілді. Оның 500-ден астамы тестілеуге смартфон, шпаргалка, басқа да рұқсат етілмеген заттарды алып кіруге тырысқан. Ал 361-і тестілеу барысында қарапайым ережелерді сақтамаған.

Ахуалдық орталық мамандары әрбір тестілеудің бейнежазбаларын 31-қазанға дейін талдаудан өткізеді. Қазірге дейін 7 талапкердің талапқа сай келмейтін әрекеті дәлелденді. Талапкерлердің көбі тестілеуді мемлекеттік тілде, 27 пайызға жуығы ресми тілде, 383-і ағылшын тілінде тапсырған. 

Гүлжан Жарасова, ҚР ҒЖБМ Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы:

- 239 мың 286 талапкер өтініш берді. Оның 233 мыңға жуығы тестілеуден өтті. Бұл былтырғымен салыстырғанда, 23 мыңға артық. Биыл негізгі ҰБТ-ға қатысушылардың саны артқанымен нәтижелері былтырғы деңгейді сақтады. Талапкерлердің 76 пайызға жуығы шекті балды жинай алды.

Альтаир Әсет, талапкер:

- Негізгі ҰБТ-дан 140 балл иегері болдым. Өзім Павлодар қаласынан №7-ші жалпы орта білім беретін мектептің түлегімін. Мен география-математика комбинациясы бойынша 140 балды иелендім.