Мектеп пәндерінің мазмұны ЖИ бағытында жаңартылуда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Айталық 1-4-сыныптардағы цифрлық сауаттылық пәні енді цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект болып өзгертілді. Сол секілді информатика пәніне де ЖИ тіркесі қосылып отыр. Әңгіме пәннің атауларында ғана емес, олардың мазмұндық өзгерісіне қатысты. Осы орайда бастауы сынып оқушылары үшін 17 оқу мақсаты енгізіліп, олар цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау мен цифрлық ортадағы жауапты мінез құлық негіздерін меңгереді. 5-9-сынып оқушылары Денсаулық, қауіпсіздік және ЖИ бағыттарын меңгеру үшін 14, ал 10-11-сыныптағылар деректерді басқаруды меңгерулері үшін 12 оқу мақсаты енгізіледі. Аталған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында апробациядан сәтті өтіп, оң қортынды алды. Қазір олар бекітіліп жатыр. Ал оқытушыларға ЖИ-ні тиімді әрі қауіпсіз қолдану жөніндегі әдістемелік материалдар әзірленуде.