Алматыда халықаралық жастар форумы өтіп жатыр

  • 5
  • 11.08.2026, 19:45

Алматыда «Орталық Азия тұрақты даму жолында» атты халықаралық форум өтіп жатыр.

Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллект, климаттық технология, цифрлық қауіпсіздік және әлеуметтік инновациялар саласындағы жобаларын көрмеде таныстырды. Оған қатысуға 200-ден астам өтініш түскен. Іріктеуден өткен 29 жобаның бірі мұздық көлдердің жарылу қаупін ерте ескертуге арналған. Енді бірі өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған, үздік деп танылған жоба авторларына қаржылай сыйлық беріліп, БҰҰ Балалар қоры тарапынан менторлық қолдау көрсетіледі.

Аружан Тойымбекова, мектеп оқушысы (Қарағанды):

- Біздің жобамыз – «Қол тіл». Есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған цифрлық жоба. Біздің жобамыз – мәтіннен ым тілі, ым тілінен мәтінге аударатын аудармашы. Жалпы Қазақстанда есту қабілеті бұзылған адамдар тұрады және де оның 5 мыңы балалар. Біз осы адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге ыңғайлы болуы үшін осы жобаны құрастырдық.

Ерсайын Қабдрашев, «ЮНИСЕФ Жастары» бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі:

- Осы жерге келіп, жобасын көрсетіп, мүмкін инвестор тауып, кеңестер алып, оны үлкенірек деңгейге шығарады. Бүкіл Қазақстанға, бүкіл қалаға таратуға мүмкіндік алады. Мысалы, бір жоба былтыр жеңімпаз болған. Ол дислексиясы бар адамдарға арналған арнайы шрифт жасап шығарған. Олар өтінім берген кезде, бұл шрифттің 5–10 ғана қолданушысы болған. Қазір олардың 100-ден астам қолданушысы бар.